Бүгін «АШАІМИ» ұжымында ерекше әсерге толы, тағылымы мол жиын өтті. Геодезия және картография саласына қырық жылдан астам ғұмырын арнаған қадірлі қызметкер Елена Анатольевна Новосельцева зейнеткерлік демалысқа шықты.
Елена Анатольевна еңбек жолын 1982 жылы бастап, содан бері өз ісіне адалдығы мен кәсіби біліктілігінің арқасында зор абыройға ие болған білікті маман ретінде танылды. Соңғы жылдары институт ұжымында қызмет етіп, ортақ мақсат жолында елеулі үлес қосты.
Оның қажырлы еңбегін жоғары бағалаған кәсіпорын директоры
Нұрбол Салыбеков: «Өз атымнан және ұжым атынан сізге адал еңбегіңіз, кәсібилігіңіз және ісіңізге деген беріктігіңіз үшін зор ризашылығымды білдіремін. Сіз жауапкершілік пен сенімділіктің, адамгершілік пен парасаттылықтың жарқын үлгісін көрсеттіңіз», – деп ізгі тілегін жолдады.
«Біз сізге «қош болыңыз» демейміз, «кездескенше» дейміз. Әрдайым сізбен кездесуге қуаныштымыз. Осындай зейнет жасы баршаңызға жұғысты болсын», – деген жылы лебіз көпшілікке ерекше әсер қалдырды.
Әріптестер Елена Анатольевнаға зор денсаулық, отбасына амандық, ұзақ ғұмыр және өмірінің жаңа белесінде тек шаттық пен қуаныш тіледі.
Бүгін АШАІМИ-де Жаңару күні аясында кәсіпорынның даму бағыттарына арналған дөңгелек үстел өтті. Жиында өндірістік үдерістерді жетілдіру және корпоративтік мәдениетті нығайту мәселелері жан-жақты талқыланды.
Іс-шара барысында қызметкерлердің ұсыныстары мен тәжірибесі көптеген шешімдерге негіз болғаны атап өтілді. Өзгерістердің басты мақсаты – технологиялық үдерістерді тиімді ету, еңбек өнімділігін арттыру, ашықтық пен жұмыс сапасын жақсарту.
Ұлттық киім – халқымыздың тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан асыл мұра. Ол – ата-бабамыздың биік талғамы мен рухани болмысын танытатын ерекше құндылық.
АШАІМИ ұжымы да бұл күнді назардан тыс қалдырмай, түгелдей ұлттық нақышта киініп келіп, дәстүрге деген үлкен құрметін көрсетті.
Биыл ортофотожоспардағы ауыл шаруашылығы контурлары мен объектілерінің далалық шифрларын ашу жұмыстары Қызылорда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан мен Ұлытау облыстарының аумақтарында жүргізіледі. Негізгі мақсат – цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жаңарту.
Наурызнама аясындағы мәні терең, мазмұны айрықша күндердің бірі – Шаңырақ күні. Бұл – отбасындағы береке мен бірлікті, мейірім мен сыйластықты дәріптейтін ерекше мереке.