90 жылдық қарсаңындағы кездесу

11.06.2025
    2026 жылы кәсіпорынның құрылғанына 90 жыл толуы атап өтілетін маңызды оқиға қарсаңында АШАІМИ-де түрлі ұрпақ өкілдері: саланың көрнекті ардагерлері - Асылмұрат Тұрғанбекұлы Тұрғанбеков, Александр Павлович Сизов, кәсіпорын ардагерлері, жұмыс істеп жүрген қызметкерлер мен қазіргі таңдағы жас мамандардың басын біріктірген дөңгелек үстел өтті.
    Бұл іс-шара мерейтойға дайындық жолындағы алғашқы маңызды қадам болды. Онда ашық диалог, естеліктер, пікірталастар болды және болашаққа шабыттандыратын жоспарлар кеңінен талқыланды.
    Кәсіпорын директоры Нұрбол Салыбеков:
 «Мерейтой – айтулы күн ғана емес, сонымен қатар сабақтастық, тұрақтылық пен дамудың символы. Бір ғасырға жуық тарихында  кәсіпорнымыз қалыптасудың алғашқы қадамдарынан бүгінгі таңдағы - саланың мойындалған көшбасшысы мәртебесіне дейінгі жолдан өтті. Осының бәрі жұмыскерлердің көптеген ұрпақтарының еңбегі мен жанқиярлығының  арқасында мүмкін болды. Бүгінгі кездесу – тек мерейтойға дайындық қана емес, бұл біздің түп-тамырымыз туралы ойлануымызға, бастауында тұрғандарды еске алуымызға және алға ұмтылғандарға ризашылығымызды білдіруімізге себеп те болды. Біз өз тарихымызды мақтан тұтамыз, сонымен қатар болашаққа деген сеніміміз де өте маңызды. Тәжірибе мен дәстүрді құрметтеп, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты сақтай отырып біз дамимыз. Және біз бәріміз күш біріктірсек қана АШАІМИ-дің бірегейлігін сақтап, оның жетістіктерін арттыра аламыз"- деп атап өтті.
    Ардагерлер АШАІМИ-дің дамуы туралы естеліктерімен, ал жас мамандар болса тарихи мұраны сақтау, соның ішінде естеліктер мұрағатын құру, мұражай көрмесін жаңарту, мерейтойлық кітап шығару бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті.
Кездесуде қатысушылар ұрпақтар сабақтастығы тұрақты дамудың негізі екенін айтып, дәстүрлер мен инновацияларды үйлестіре алғанда ғана одан әрі өсу мүмкін деп тұжырымдады.
Дөңгелек үстел өткенге деген құрмет қана емес, болашаққа жасалған қадам болды. Алда – үлкен жұмыс, алайда мерейтой ғажайып салтанатты сәт болуымен қатар жаңа мақсаттар мен ілгері жылжуға түрткі болатыны қазірдің өзінде де айқын болып отыр. 
    Шынайы ықыласы, жылы лебізі мен болашақты бірге құруға дайындығы үшін кездесуге қатысушылардың барлығына алғысымды білдіремін!

Басқа жаңалықтар

8 June 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталуы туралы хабарландыру

     Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 
Толығырақ...
4 June 2026
Мемлекеттік рәміздер – ел мәртебесі

      4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай АШАІМИ қызметкерлері еліміздің Әнұранын орындап, Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаның мәртебесін ұлықтады. Кәсіпорын басшысы Нұрбол Салыбеков ұжымды айтулы мерекемен құттықтап, мемлекеттік рәміздеріміздің маңызы мен құндылығына тоқталды.

Толығырақ...
13 May 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың басталғаны туралы хабарландыру

       Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесіндегі негізгі бағыттардың бірі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, сондай-ақ олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және азайту айқындалған.

        Мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда сыбайлас жемқорлықтың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу көзделген. Аталған талдау сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін сыбайлас жемқорлық факторларын анықтауға және зерделеуге бағытталған.

Толығырақ...
8 May 2026
Ерлікке – тағзым, ұрпаққа – үлгі

    АШАІМИ мұражайында Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге арналған Құрмет тақтасы ілінген. Тақтада кәсіпорында еңбек етіп жүрген кезінде майданға аттанған ардагерлердің есімі жазылған.

     Ұлы Жеңіс – қан майданда Отан үшін от кешкен жауынгерлер мен тылда тынымсыз еңбек еткен ел азаматтарының ортақ ерлігі мен өлшеусіз жанқиярлығының жемісі. Бүгінгі бейбіт өмір мен берекелі тіршілік – сол бір қайсар буынның төзімі мен табандылығының, елге деген адалдығының арқасы.

Толығырақ...
6 May 2026
Отанға қызмет – ортақ парыз

    Бүгін АШАІМИ басшысы Нұрбол Салыбеков кәсіпорынның ер-азаматтарын 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

    «Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, Отан алдындағы қасиетті борышын абыроймен атқарып жүрген азаматтарға деген зор құрметтің белгісі, сондай-ақ елге адалдық пен ерлік рухын айшықтайтын ерекше күн. Отанды қорғау – тек әскери міндет емес, ол – әрқайсымыздың ел болашағына деген жауапкершілігіміз, бірлігіміз бен намысымыздың көрінісі.

Толығырақ...
1 May 2026
Бірлік түбі – береке

    Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «АШАІМИ» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл күн – ел ішіндегі татулық пен өзара сыйластықтың, көпұлтты қоғамдағы келісім мен тұрақтылықтың айқын көрінісі.

Толығырақ...