Кәсіпорын директоры Нұрбол Нұрлыбекұлы Салыбеков ұжымды ұлттық мерекемен құттықтады.
«Құрметті әріптестер! Баршаңызды еліміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
25 қазан – халқымыздың тарихи таңдауын айшықтайтын, елдігіміз бен егемендігіміздің негізін қалаған маңызды күн. 1990 жылы қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына жол ашып, ел дамуының жаңа кезеңіне бастау болды.
Бүгінде Қазақстан – өз даму бағытын айқындаған, болашаққа нық қадам басқан тәуелсіз мемлекет. Еліміздің жетістігі – халқымыздың бірлігі мен ынтымағының, адал еңбегі мен ортақ мақсатқа деген жауапкершілігінің нәтижесі.
Құрметті әріптестер, біздің Кәсіпорнымыз да жер ресурстарын тиімді басқаруға, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға, ауыл шаруашылығы картографиясы бағытындағы маңызды міндеттерді жүзеге асыруға өз үлесін қосып келеді. Кәсіпорынның әрбір жетістігінің артында сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз және күнделікті адал еңбектеріңіз тұр.
Осы орайда ортақ іске қосып жүрген үлестеріңіз бен атқарып отырған еңбектеріңіз үшін баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да бірлігімізді сақтап, алдымызға қойылған міндеттерді абыроймен орындап, Кәсіпорнымыздың дамуына бірге үлес қоса береміз деп сенемін.
Осы айтулы мерекеде әрқайсыңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, еңбектеріңізге табыс, бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болсын! Қазақстанымыз өркендеп, халқымыздың әл-ауқаты арта берсін!
Республика күні құтты болсын, құрметті әріптестер!», – деді кәсіпорын директоры Нұрбол Салыбеков.
АШАІМИ Қызылорда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарының аумағында далалық дешифрлеу жұмыстарын аяқтады.
Дешифрлеу – цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жаңартудың негізгі кезеңдерінің бірі. Ол Жерді қашықтықтан зондтау материалдарында бейнеленген объектілерді анықтауды, тануды және олардың сипаттамаларын айқындауды қамтиды.
Республика күні қарсаңында ауыл шаруашылығын дамытуға сіңірген еңбегі үшін бірқатар сала маманы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік наградаларға ие болды. Марапаттарды Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров салтанатты түрде табыстады.
Марапат иелерінің қатарында «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының техникалық бақылау басқармасының бас инспекторы Маратхан Дуванович Дюсенгулов та бар. Әріптесіміз «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Мұндай басқосу елдің өзекті мәселелерін талқылауға, азаматтардың ұсыныс-пікірлерін тыңдауға, сондай-ақ ауылдық аумақтарды дамыту, еңбек адамын қолдау және отандық өндірісті нығайту бағытындағы бастамалармен танысуға мүмкіндік береді.
Бүгін «АШАІМИ» РМК ұжымы үшін ерекше әрі қуанышты күн болды. Кәсіпорынның 90 жылдық мерейтойы аясында өткен «Ашық геодеректер және ауыл шаруашылығының цифрлық карталары: жер ресурстарын басқарудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны ұйымдастыруға елеулі үлес қосқан қызметкерлерді кәсіпорын директоры Салыбеков Нұрбол Нұрлыбекұлы Алғыс хатпен марапаттады.
Тоқсан жылдық тарихында АШАІМИ еліміздің жер ресурстарын басқару, геодезия, картография және геоақпараттық технологиялар саласында өзіндік орны бар іргелі кәсіпорынға айналды. Бұл жетістік – әр кезеңде мекеменің дамуына үлес қосқан бірнеше буын өкілдерінің адал еңбегі мен көп жылдық тәжірибесінің жемісі.